Қаражал-Атасу автожолын жөндеу жұмыстары биыл басталатын болды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Биылғы жылы Қарағанды облысындағы ең өзекті деген мәселелердің бірі шешімін табады. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Қаражал қаласының әкімі Тілектес Досаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл тұңғыш рет республикалық бюджет есебінен Қаражал-Атасу автожолына асфальт төсеу көзделіп отыр. 21 км жолдың 90 километріне асфальт биыл төселмек»,-деді әкім.

Ол 2 жылда Жәйрем-Қаражал трассасының 56 км жолы жөнделетінін атап өтті. Осылайша, қиыршық тас төселген Қаражал-Атасу автожолының проблемалық бөлігіне асфальт салынады. Бұл бағытқа жалпы көлемі 4 млрд 820 млн теңге жұмсау көзделіп отыр.

«Конкурс өтті, мердігерлер анықталды, жуырда біз «Қаража-Атасу» жолын жөндеуді бастаймыз. Ол үшін бюджеттен 767 млн теңге қарастарылған. Ал қалған 70 км жолды жөндеу жұмыстары келесі жылға қалады»,-деп нақтылады Т.Доссаев.

Соңғы жаңалықтар