Қараусыз мал кесірінен болатын жол апаты үшін мал иелерін жазалау қатаңдатылмақ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда жолдағы қараусыз мал кесірінен болатын апаттар саны 13%-ға өсті. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жолдағы қараусыз малдың жайылымы да өз қауіпін төндіруде. Биыл жануарлармен соқтығысу апаттарының саны 13%-ға өсті, 26 жүргізуші мен жолаушы қаза тапты, 135 адам жарақат алды», - деді Марат Ахметжанов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Министрдің айтуынша, Маңғыстау облысында түйелерді қағып, жол апатына түскен 8 оқиға болып, 5 адам қаза тауып, 13 адам жарақат алған.Нәтижесінде, полиция мал иесін іздеу жұмыстарын жүргізуге мәжбүр болады.

«Тек соңғы 10 күнде 200-ден астам қараусыз қалған түйелер мен жылқылар анықталып, олар арнайы қораларға қамалды. Осыған байланысты, малды бақылаусыз қалдырғаны үшін олардың иесінің жауапкершілігін қатаңдату ұсынылады. Сонымен қатар қараусыз жайылып жүрген малды қамайтын арнайы қоралар қажет», - деді Ішкі істер министрі.

Бұдан басқа, М. Ахметжанов 2 млн погон метрге жуық жол қоршауларын салуды ұсынды.


Фото: static.dir.bg




Соңғы жаңалықтар