Қараусыз қалған қарттар үйінің 12 тұрғыны ажал құшты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Флорида штатындағы қарттар үйінде 12 тұрғынның өлуіне байланысты 245 қызметкердің барлығы жұмыстан қуылған. 

Бұл жайлы Associated Press хабарлайды.

Флоридада соққан алапат «Ирма» дауылы қарттар үйінің жанындағы трансформаторды істен шығарған. Соның салдарынан үйдегі салқындатқыштар электр тогынсыз қалған. Дауылдан кейінгі аптап ыстыққа қарттар үйінің 8 тұрғыны шыдай алмай, жан тәсілім еткен. Аз уақыттан соң тағы төрт адам қайтыс болған.

Штат губернаторы Рик Скотт осы оқиғадан кейін егде жандардың жағдайын жасай алмайтын қызметкерлердің ол жерде жұмыс істеуіне жол бермейтінін мәлімдеді. 

Соңғы жаңалықтар