Қаратөбелік қос майдангерге Елбасы құттықтауы тапсырылды - БҚО
2014 жылғы 30 желтоқсан 20:19

Қаратөбелік қос майдангерге Елбасы құттықтауы тапсырылды - БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаров Ұлы Отан соғысының ардагерлері, қаратөбелік Құрманғали Ысқақов пен жусандыойлық Фазыл Ихсановқа арнайы барып, Елбасының құттықтауы мен жаңажылдық сыйлығын табыс етті.

Аудан басшысы майдангерлерді Президент атынан жаңа жылмен құттықтап, дендері сау, өмірлері ұзақ болып, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын бірге қарсы алуға тілектестігін білдірді. Елбасы ықыласына риза болған ардагерлер де алғысын жеткізуді өтінді.

-Біз ел басына күн туып, соғыс басталғанда, қолымызға қару алып, халқымызды қорғадық. Қаншама қиыншылықты көрдік, соның бәрі осы тыныштық, бейбітшілік еді. Бүгінде Елбасымыздың бастауымен тәуелсіз еліміз болашаққа нық қадам басып келеді. Мемлекеттік бағдарламалардың шапағатын алыс ауылдағы біздер де жақсы сезінудеміз. Ел бірлігіне, татулыққа жететін ештеңе жоқ. Ең бастысы, Отанымыз аман болсын! - деді Жусандыой ауылында тұратын Ф.Ихсанов.
Қаратөбелік

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT