Қаратөбеде медициналық көмекке жүгінген балалардың жағдайы қалыпты - БҚО

Фото: None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қаратөбе ауданындағы жергілікті мектеп-гимназиядан кеше кешкісін 10, бүгін 11-16 жас аралығындағы 7 бала тамақтан уланды деген күдікпен аудандық орталық аурухана көмегіне жүгінді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, балалардың жағдайы қалыпты, өздігінен жүріп-тұрады, ем алуда. Ауруханаға түскен балалар өздерін жайсыз сезінген, іштері ауырған, құсқан.

Қазіргі кезде оқиға орнына құрамында дәрігерлер, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің мамандары бар топ жетіп, жұмыс жасауда. Айта кетейік, аудан орталығында орналасқан Мұхит атындағы мектеп-гимназияда 255 оқушы болса, соның 81-і интернатта жатады. Барлық балалар тексеруден өтетін болады.

Соңғы жаңалықтар