Қаратөбеде ауыл жастарының екінші форумы өткізілді

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Қаратөбе ауданында ауыл жастарының екінші форумы өткізілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұхит жастары» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған жиынға көршілес аудандардан, сондай-ақ Ақтөбеден жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Басқосуда жастар белсенділігін көтеру, оларды ауылға тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Әсіресе, аудандарда дәрігер, мұғалім мамандар жетіспейді. Рас, соңғы кезде «Жол картасына» сәйкес жастар көптеп тартылып жатыр. Әйтсе де білім, денсаулық сақтау, мәдениет, шағын және орта бизнес сынды салаларға жастардың бел шешіп араласуы қажет-ақ.

Жиында жастар байқауларға қатысып, концерт, спорттық ойындарды да тамашалады. 

Соңғы жаңалықтар