+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Карантиндегі жұлдыз: Құрмаш Маханов пен Әміре ән салады

2020 жылғы 7 сәуір 13:49
Бөлісіңіз:
Карантиндегі жұлдыз: Құрмаш Маханов пен Әміре ән салады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясында бүгін Құрмаш Маханов пен Әміре онлайн концерт береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, 23 наурыздан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен Қазақконцерт пен Қазақтелеком ұйымдары бірлесіп, Live форматындағы «Карантиндегі жұлдыз» атты жаңа жобаны бастады. Жоба аясында танымал қазақстандық өнер жұлдыздары мен Қазақконцерттің әртістері жанды дауыста және онлайн форматта өнер көрсетеді. Өнерсүйер қауымға әртүрлі бағыттағы – фольклорлық, эстрадалық, классикалық және ұлт аспаптық орындауда концерттер ұсынылады.

Жобаның басты артықшылығы – көрермен қауым үйден шықпай, сүйікті әншілерінің өнерін үйдегі жайлы атмосферада тамашалай алады. Осы күндері Роза Рымбаева, Сәкен Майғазиев, Медеу, Жеңіс Сейдуллаұлы, Жұбаныш Жексенұлы, Ғаділбек Жаңай, Бекболат Тілеухан сынды белгілі әншілер өздерінің онлайн концерттерін беріп үлгерді.

Концерттер көрерменнің ықыласына бөленуде. Тіпті 26 наурыз күні өткен Роза Рымбаеваның онлайн концертін Мемлекет басшысы халықтың рухын көтеретін нағыз өнер туындысы деп бағалады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет, Өнер, Карантин,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT