+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Каратэші Нұрқанат Әжіқанов Олимпиадаға лицензия жеңіп алды

2021 жылғы 13 маусым 02:11
Бөлісіңіз:
Каратэші Нұрқанат Әжіқанов Олимпиадаға лицензия жеңіп алды

ПАРИЖ. ҚазАқпарат - Франция астанасы Парижде өтіп жатқан каратэден лицензиялық турнирде қазақстандық Нұрқанат Әжіқанов чемпион атанып, Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Олимпиада-2020: Грек-рим күресінің шебері Демеу Жадыраевтың алғашқы қарсыласы кім Токио Олимпиадасы: Эльмира Сыздықова алғашқы белдесуде жеңілді Токио Олимпиадасы: Жеңіл атлет Михаил Литвин финалға өте алмады

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің ақпаратына сәйкес, 75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрқанат турнирде барлық қарсыласынан басым түсіп, жеңімпаз атанды.

Жарыс ережесі бойынша турнирде үздік үштікке енген каратэшілерге Олимпиада жолдамасы беріледі. Әжіқановтың салмағында күміс жүлдені Германия, қоланы Венгрия спортшылары иеленді.

Осылайша, Нұрқанат Әжіқанов каратэден үшінші жолдаманың иегері атанды. Бұған дейін Дархан Асаділов пен Мөлдір Жаңбырбай Токио ойындарына лицензия алған болатын.

Сондай-ақ Қазақстан атынан сынға түскен Сабина Захарова төртінші орын иеленіп, Олимпиададан сырт қалды.

Катадан бақ сынаған Мәди Қатешов 1/16 айналымнан өте алған жоқ.

Айта кетейік, Қазақстан бүгінге дейін спорттың 26 түрінен Олимпиадаға 70 жолдама жеңіп алды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT