Каратеден Премьер-Лига турнирі: Екі қазақстандық финалға шықты

None
None
МАДРИД. ҚазАқпарат – Испания астанасы Мадридте каратеден жылдың қорытынды турнирі – Премьер-лиганың соңғы кезеңі өтіп жатыр. Қазақстан спортшылары бірнеше салмақта финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ақпаратына сәйкес, 84 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық каратеші, Азия ойындарының жүлдегері Данияр Юлдашев (олимпиадалық рейтингте 14-ші орында) турнирдің алтын жүлдесіне таласады. Финалға дейін Юлдашев Нидерланд, Франция, Иран спортшыларын ұтты. Жартылай финалда әзербайжандық Ранах Абдуллаевпен кездесіп, 2:0 есебімен басым түсті. Бүгін өтетін ақтық сында Данияр Юлдашев олимпиадалық рейтингте көш бастап тұрған түркиялық Угур Актаспен жолығады.

Сондай-ақ әйелдер арасында +68 келіде сынға түскен Софья Берульцева турнирдің финалына жолдама алды. Берульцева Косово, Мажарстан, Италия және Жапония спортшыларын жеңді. Ақтың сынға жолдама үшін таласта жарыс қожайыны Мария Торресті ұтты. Ал алтын медальды ересектер арасындағы әлем чемпионы Елена Чатзилиадамен сарапқа салады.

Соңғы жаңалықтар