Карате: Еркінбек Байтөреев Түркиядағы турнирде әлем чемпионын жеңді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 17-19 мамыр күндері Ыстанбұлда каратеден А сериясы аясындағы турнирдің екінші кезеңі аяқталды. Әлемнің 102 мемлекетінен келген 1800 спортшының рейтингілік ұпай мен жүлделі орын үшін таласта қазақстандық спортшылар екі медаль еншіледі, деп жазады Olympic.kz.

Түркияға Қазақстан атынан жалпы есебі 38 спортшы аттанған болатын. Оның ішінде, ұлттық құрама үздіктерімен қатар, жас спортшылар да бар.

Қазақстанға алғашқы медальді 60 келідегі Еркінбек Байтөреев сыйлады. Жастар арасындағы әлем чемпионы Еркінбек ересектер арасында алғаш рет жүлде алып отыр. Ол финалға дейін Әзербайжан, Ресей, Украина спортшыларын жеңіп, әлем чемпионы, рейтингте бірінші орында тұрған италиялық Анджело Кречензодан басым түсті.

Ширек финалда екі қазақ спортшысының жолы түйісті. Байтөреев пен Қайсар Алпысбай арасындағы кездесуде төрешілер жеңісті Еркінбекке берді. Ал жартылай финалда біздің спортшы өзбекстандық қарсыласынан басым түсті.

Финалда тағы да екі қазақ каратешісінің жолығу мүмкіндігі жоғары болған еді. Алайда, тәжірибелі Дархан Асаділов жартылай финалда өзінің әккі қарсыласы, түркиялық Салман Ерайдан аз ғана ұпай айырмашылығымен ұтылып қалды. Ал қола медаль үшін өтетін кездесуге Дархан жарақатына байланысты шыққан жоқ.

60 келідегі ақтық бәсекеде Байтөреев командаласының есесін қайтара алған жоқ. Тәжірибелі Салман Ерай 2:0 есебімен жеңіске жетті. Десе де, Еркінбектің турнирді өте жоғары деңгейде өткізіп, ересектер арасындағы алғашқы жүлдесін еншілегенін айту керек.

68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Софья Берульцева қола жүлдегер атанды. Ол жартылай финалда жапониялық спортшы, әлемдік рейтингте алтыншы орында тұрған Сато Аякадан айла асыра алмады. Үшінші орын үшін өткен тартысты сында Софья финляндиялық Титта Кайнаненді ұтты.

null

Соңғы жаңалықтар