Карате: Дархан Асаділов олимпиадалық рейтингте төртінші орынға табан тіреді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік карате федерациясы сәуір айына арналған олимпиадалық рейтингті жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ереже бойынша, рейтингте 1-4 орын аралығына жайғасқан спортшылар 2020 жылғы Олимпиада ойындарының жолдамасына иелік етеді.

1 сәуірдегі мәліметке сәйкес, 67 келіге дейінгі салмақта (60 келіге дейінгі спортшылар да осы салмақ дәрежесін енген) Дархан Асаділов төртінші орында тұр. Дархан әлемдік рейтингте үшінші орында келеді.

Асылбек Мұратов 28-ші (әлемдік рейтингте 15-ші орын), Дидар Әмірәлі 41-ші (әлемдік рейтингте 12-ші орын), Қайсар Алпысбай 56-шы (әлемдік рейтингте 12-ші) орында.

75 келіге дейінгі салмақта Ермек Айназарова 16-шы, 74 келіден жоғары салмақта Данияр Юлдашев 14-ші, Игорь Чехмарев 22-ші сатыда.

55 келіге дейінгі қыздар арасында Мөлдір Жаңбырбай 44-ші, 61 келіге дейінгі спортшылар арасында Мадина Өтелбаева 42-ші орынға тұрақтаған.

19-21 сәуір аралығында Марокконың Рабат қаласында өтетін әлемдік Премьер-Лига сериясында рейтингке біраз өзгеріс енбек. Атап айтар болсақ, осы турнирден бастап рейтингілік ұпайларды есептеу жаңа жүйе бойынша жүзеге асады.

Соңғы жаңалықтар