Каратэ: Дархан Асаділов маусым айының үздік спортшысы атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтында «Маусым айының үздік спортшысына» дауыс беру аяқталды. Отандық жанкүйерлер каратеэші Дархан Асаділовті маусым үздіге деп таныды.

Асаділовпен бірге тағы бес спортшы айдың үздігі атануға үмітті еді. Олар: садақ атудан Қазақстан ерлер командасы, Дмитрий Баландин, Милад Карими, Адиля Тілекенова және Руслан Курбанов. Бір аптаға созылған дауыс беру рәсімі 7 шілде күні 13:00-де аяқталды. Дауыс беру қорытындысы бойынша 40.42 пайыз жинаған Дархан Асаділов жеңімпаз атанды. Екінші орында 18.70 пайыз дауыс жинаған садақшылар командасы. Үздік үштікті 15.30 пайыз дауыспен Дмитрий Баландин қорытындылады.

Айта кетелік, Дархан Асаділов олимпиадалық рейтингте бірінші орынға көтерілді.

Соңғы жаңалықтар