Каратэ: Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Каратэден (WKF) 13-15 шілде аралығында Иордания астанасы Амманда өтетін Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей құрлықтың 29 мемлекетінен 300-ге жуық спортшы қатысатын турнирде ел намысын  12 (6 ер, 6 қыз) спортшы қорғамақ.

Олар:

Ерлер:  Мәди Қатесов (жекелей сын, ката), Қайсар Алпысбай (60 кг), Асылбек Мұратов (67 кг), Руслан Есмаханбет (75 кг), Игорь Чикмарев (84 кг), Нұртілес Тынысбек (+84 кг). 

Қыздар: Әсел Серікова (-50 кг), Аружан Мұхтар (55 кг), Гүлмира Үсенова (61 кг), Александра Будкина (68 кг), Айжан Анарбай (+68 кг), Лия Қошқарбаева (жекелей сын, ката).

Турнирдегі бәсекелер 13 шілде күні өтеді, ал жұбаныш белдесу мен қола медаль үшін күрес, сондай-ақ финалдық жекпе-жектер 14 шілдеге жоспарланған.

15 шілдеде командалық жарыстағы жеңімпаз анықталады.

Соңғы жаңалықтар