Қаратауда терезеден құлаған 10 жастағы балаға қатысты оқиғаны полиция тексеріп жатыр
2020 жылғы 10 тамыз 01:10

Қаратауда терезеден құлаған 10 жастағы балаға қатысты оқиғаны полиция тексеріп жатыр

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Қаратауда терезеден құлаған 10 жасар Д.-ға қатысты іс тергелуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1 тамыз күні алдын-ала мәліметтер бойынша патронаттық отбасында тұратын бала пәтердің екінші қабатының терезесінен құлап кеткен. Қазіргі таңда бала ауруханаға жатқызылған, жағдайы тұрақты. Аталған мәселе қамқоршылық органдарының бақылауында. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жамбыл облысының полиция департаменті ҚР ҚК 141-бабы 1-бөлігі «Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады»,-делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта Д. облыстық көпсалалы балалар ауруханасында ем қабылдауда.

«Баланың бұл оқиғасы әрқайсымыздың жан дүниемізге әсер етті. Бәріміздің үйімізде балаларымыз бен немерелеріміз күтіп отыр. Олар біздің мейіріміміз бен қамқорлығымызға зәру. Жапа шеккен балаға да қазір шынайы жылулық пен қолдау қажет. Сол себепті біз балаға қолдау көрсетуді жалғастыра беретін боламыз - деді Жамбыл облысы Полиция департаменті басшысының орынбасары Темірбек Оразымбетов.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT