Қаратауда 115 пәтерлі екі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тәуелсіздік күні мерекесінде Қаратау қаласында көпқабатты екі тұрғын үй кезекте тұрған азаматтарға пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәуелсіздік мерекесіне орай Жамбыл облысы Талас ауданының орталығы – Қаратау қаласында жалпы 115 пәтерлі екі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.

Атап айтсақ, бұған дейін жарамсыз болып, бос тұрған қаланың бесінші шағын ауданындағы 55 пәтерлі №26 тұрғын үй мен үшінші шағын ауданындағы 60 пәтерлі №22 тұрғын үйді қайта жаңғырту жұмысы толығымен аяқталып отыр. Жаңғырту жұмыстары «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асқан.

Бұл күні жаңа пәтер кілттеріне ие болған 100-ден астам қоныс той иелерінің қатарында көпбалалы және аз қамтылған, толық емес отбасылар, мүгедек азаматтар және басқалар бар.

Салатанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Бақыт Қазанбасов қоныс той иелерін қуанышымен құттықтап, пәтер кілтін табыстады. Ол біркездегі қаладағы қаңырап, жарамсыз күйде қалған осындай нысандар мемлекеттік бағдарламалар аясында бастан-аяқ жөндеуден өтіп, жаңғыртылып, ел игілігіне беріліп жатқанын жеткізді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатынын баса айтты.

Өз кезегінде көпбалалы ана Наргиза Жәкежанова талай жыл жалдамалы үйде жүріп қажығанын, енді міне, өз баспанасына қолы жетіп, қуаныштан толқып тұрғанын жасырмады.


Соңғы жаңалықтар