Қаратау қаласында 60 отбасы баспаналы болды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы Қаратау қаласында 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй қайта жаңғыртудан өтіп, пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, пайдалануға берілген көпқабатты тұрғын үйден пәтер алған 60 отбасының 40-ы - әлеуметтік аз қамтылғандар. Оның ішінде көпбалалы - 17, толық емес - 15, мүгедек бала асыраушы 2 отбасы бар. Сондай-ақ, бір мүгедек және 5 оралман отбасы пәтер кілтін иеленді. Қалған 20 пәтер мемлекеттік бюджеттік қызметкерлер мен қызметтік пәтер иеленушілеріне тиесілі.null

Қаладағы №5 шағынауданда орын тепкен аталмыш №55 үйге қайта жаңғырту жұмыстарын тараздық мердігер «Темір-Байлық» ЖШС жүргізген. Жоба құны - 228 миллион 450 мың теңге. Нысан өткен жылдың 6 маусымында пайдалануға қабылданып, инфрақұрылым желілері жүргізілген.

Мереке қарсаңында пайдалануға берілген тұрғын үйде екі бөлмелі - 10, үш бөлмелі - 30, төрт бөлмелі - 20 пәтер бар. Аталған тұрғын үйге қоныс аударатын адамдардың тізімін аудандық тұрғын үй комиссиясы жасаған.

null

Соңғы жаңалықтар