Қарасорадан дәрі жасау әзірге көзделіп отырған жоқ - ДСМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қарасорадан дәрі-дәрмек жасау бастамасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл - Ішкі істер министрлігі тарапынан бақыланатын жұмыс. Өндіру, дәрілік заттар шығару туралы әлі мәселе жоқ. Өйткені, ол тек күнделікті керекті заттарды шығару үшін жасалып жатыр. Өздеріңіз білетіндей, дәрілік заттың құрамында қарасораның мөлшері өте төмен болуы керек. Дүниежүзілік конвенция бойынша, оның өзіндік белгіленген мөлшері бар. Денсаулық сақтау министрлігінің ойы - мөлшерге сәйкес келіп, шығарып берген жағдайда біз оны қараймыз (...)», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков Үкіметтің баспасөз орталығында.

Еске сала кетсек, осы жылдың сәуір айында елордаға Израильден келген медицина ғылымдарының докторы Ронен Шемеш өз елінде жолға қойылған техникалық қарасорамен емдеу әдісінің жетістіктерімен бөліскен болатын. «RAIS Medicann International» компаниясының бас директоры Замик Рахимовтың айтуынша, Қазақстанда алдағы уақытта техникалық қарасора өңделетін болса, құрамынан тетрагидроканнабинолды (ТГК) ажыратып, қалған майымен пациенттерді емдеуге болады. Ал Израильден келген медицина ғылымдарының докторы, генетика саласындағы зерттеуші және жаңа дәрілік заттарды зерттеу мен әзірлеу жөніндегі сарапшы Ронен Шемештің айтуынша, Израильде соңғы 20 жылда қатерлік ісіктен келетін өлім жағдайы 25 пайызға төмендеген. Ол елде техникалық қарасора аурудың 101 түрін емдеуге пайдаланылады.

Сондай-ақ, жақында Қазақстанда техникалық қарасора шикізатынан қағаз жасау тәжірибесі қолға алынғаны хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар