«Қарасора-2020»: Таразда 3 қап есірткі тәркіленді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының тұрғындары көлікпен 34 келіден астам есірткі тасымалдаған,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ағымдағы жылдың 23 қазанында «Қарасора-2020» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысындағы жедел ақпарат бойынша Тараз қаласының автобекеті жанында полиция қызметкерлері «Митсубиси» маркалы автокөлігін тоқтатып, тексерген. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Көліктің жүксалғышын тексеру кезінде осы көліктің жолаушыларына тиесілі жалпы салмағы 34 келі 760 грамм болатын «кептірілген марихуана« есірткі заты салынған 3 қапты тауып тәркіледі. ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды»,-делінген хабарламада.

Ұсталған 53 жастағы Тараз қаласының тұрғыны мен Меркі ауданының 65 жастағы тұрғыны өз кінәларын мойындаған. Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынған.


Соңғы жаңалықтар