Қарашығанақтан 9 айда 9,3 млн тонна мұнай өндірілген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Мұнай және газ» 25-ші Қазақстан халықаралық конференциясында энергетика вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов мұнай өндіру деңгейі туралы мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.



Мемлекеттік қызметкердің сөзіне қарағанда, мұнай өндіру үзіліссіз, жоспарға сай жүріп жатыр. «Қарашығанақтан  алынған мұнай көлемі 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте 9,3 миллион тоннаға жетті, ал 2017 жылға 12 миллион тонна жоспар белгіленген. 2017 жылдың тоғыз айында газ конденсаты кенінен газ алу көлемі 14 миллиард текше метрді құрады, ал жылдық жоспар - 17,5 миллиард текше метр. 2017 жылдың тоғыз айында Қашағаннан 5,9 млн тонна мұнай мен 3,5 млрд текше метр газ алынды, жылдың соңына дейін жоспар бойынша сәйкесінше 8 млн тонна мұнай мен 4,5 млрд текше метр газ алуға тиіспіз. Дәл қазір Қашағанның мұнай өндіру қуаты тәулігіне 200 мың баррель, алдағы уақытта оны 450 мың баррельге жеткізуді жоспарлап отырмыз», - деді вице-министр.

Бұдан тыс, Махамбет Досмұхамбетов Қазақстанның мұнай өндіру бойынша алдағы жоспарлары жайлы да айтты. Оған сәйкес, 2025 жылға қарай Қазақстанның мұнай өндіру қуаты жылына 100 млн тонна, ал газ өндіру қуаты 60 млрд текше метрге дейін жетуі тиіс.





Соңғы жаңалықтар