Қарашығанақта мұнай өндірісінің көлемін сақтайтын жобалар қолға алынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Қарашығанақ кен орнында мұнай өндірісінің көлемін сақтайтын жобалар туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қашаған кен орнында мұнай өндіру көлемі ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша 15,9 млн тонна, газ өндіру көлемі – 9,7 млрд текше метр деңгейінде болады күтілуде.

Кен орнында жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу газ өңдеу зауыттарын салу есебінен қамтамасыз етіледі. Бұл зауыттар жылына қосымша 3 млрд текше метр тауарлық газ өндіруге және мұнай өндірісін жылына 16 млн тоннадан 20 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Оның айтуынша, Қарашығанақ кен орнында өндіріс көлемін азайтпай ұстап тұруға басымдық берілмек.

«Қарашығанақ кен орнында мұнай өндіру көлемі 11,6 млн тонна, газ өндіру көлемі 18,7 млрд текше метр болды. Бүгінгі таңда Қарашығанақта сұйық көмірсутектерді өндіру деңгейін жылына 11-12 млн тонна шегінде ұстап тұруға мүмкіндік беретін жобалар іске асырылуда.

Бірінші. Құны 1,1 млрд доллар болатын «Газ өңдеу қуаттарын ұлғайту» жобасы. Бүгінде ол пайдалануға берілді.

Екінші. Құны 578 млн доллар блатын «Газды кері айдаудың 4-ші компрессорын салу» жоабсы. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды, іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде.

Үшінші. «Газды кері айдаудың 5-ші компрессорын салу» жобасы. Оның бюджеті – 970 млн доллар. Аяқталу мерзімі – 2025 жыл», - деді ведомство басшысы.


Соңғы жаңалықтар