+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қарашөкеев Еуразиялық экономикалық одақтың агроөнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесі отырысын өткізді

2021 жылғы 24 қараша 21:05
Бөлісіңіз:
Қарашөкеев Еуразиялық экономикалық одақтың агроөнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесі отырысын өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен онлайн-форматта Еуразиялық экономикалық одақтың агроөнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңес мүшелері агроөнеркәсіптік кешенді цифрлық трансформациялаудың тұрақты дамуы мен перспективаларын, ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының бірыңғай нарығын қалыптастыру мәселелерін, сондай-ақ Еуразиялық тауар бөлу желісін қалыптастыру жөніндегі бастаманы іске асыру барысын талқылады.

Отырысты ашқан Кеңес төрағасы - Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені өсудің оң серпінімен сипатталатынын атап өтті.

«Соңғы үш жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,6 есеге өсіп, 2020 жылдың қорытындысы бойынша 14,7 млрд АҚШ долларын құрады. АӨК-тегі еңбек өнімділігінің орташа жылдық өсу қарқыны шамамен 18% - ды құрайды», - деп атап өтті ведомство басшысы.

Ауыл шаруашылығы министрлері АӨК цифрлық трансформациялау туралы пікір алмасты және Еуразиялық экономикалық одақтың агроөнеркәсіптік кешенін цифрлық жаңғырту жөніндегі тұжырымдама жобасын әзірлеу туралы ұсынысты қолдап, кейіннен ұлттық жүйелерді интеграциялау арқылы ортақ жүйені қалыптастыра отырып, бұл мүше мемлекеттердің саудадағы кедергілерді алып тастауға әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Кеңес мүшелері ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің селекциясы мен тұқым шаруашылығын дамытудың жай-күйі мен перспективаларын жан-жақты талдауды және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің селекциясы мен тұқым шаруашылығын дамыту тұжырымдамасының жобасын дайындаудың орындылығы туралы келісілген ұстанымды атап өтті.

«Бүгінгі таңда ЕАЭО-да мемлекеттеріміздің аумағында ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының кедергісіз айналымын қамтамасыз етуге бағытталған қажетті нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру басталды. Сонымен қатар, бірқатар дақыл түрлері бойынша үшінші елдерден тұқымдар мен отырғызу материалдарының импортына жоғары тәуелділік сақталуда», - деп атап өтті Ербол Қарашөкеев.

Сондай-ақ министрлер Еуразиялық тауар тарату желісін қалыптастыру мәселесін де қарастырды. Ортақ инфрақұрылымды құру өзара сауда көлемін ұлғайтуға, импортқа тәуелділікті қысқартуға, инвестицияларды тартуға, жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.

Кеңес мүшелері Еуразиялық даму банкімен бірлесіп еуразиялық тауар тарату желісін қалыптастыру мәселесін зерттеуді жалғастыруға уағдаласты.

Барлық қаралған мәселелер бойынша интеграциялық процестерді одан әрі дамытуға бағытталған өзара тиімді шешімдер қабылданды.

Еуразиялық экономикалық одақтың Агроөнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің кезекті отырысын 2022 жылы Қырғыз Республикасында өткізу жоспарланып отыр.

ЕАЭО АӨК жөніндегі кеңесті құру туралы шешімді келісілген агроөнеркәсіптік саясатты іске асыру кезінде ЕАЭО елдері ауыл шаруашылығы министрліктерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында Одаққа мүше елдердің мемлекет басшылары қабылдады. Кеңестің құрамына, Қазақстан Республикасының, Беларусь Республикасының Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы министрлері, сондай-ақ Армения Республикасының Экономика министрі кіреді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT