Қарашөкеев азық-түлік тауарларының негізгі түрлерімен ішкі нарықты молықтыру іс-шараларын атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маусымаралық кезеңде импорттық жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізуді ұйымдастыру мүмкіндігі пысықталып жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының 2022 жылғы 11 қаңтарда берген тапсырмаларын орындау үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік тауарларының негізгі түрлерімен ішкі нарықты молықтыру үшін мынадай бірқатар жедел және жүйелі іс-шаралар іске асырылуда. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының нақты қолжетімділігін қамтамасыз ету мен бағаны тұрақтандыру мақсатында министрлік тауарлар экспортын тарифтік емес реттеу іс-шараларын қабылдауда», - деді ол.

Министрдің атап өтуінше, 2022 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімге күнбағыс пен күнбағыс майы экспортына сандық шектеулер енгізіледі. 3 ай мерзімге картоп пен сәбіз экспортына, ірі қара мал мен ұсақ малды 6 ай мерзімге шығаруға, ем-шөп шығаруға тыйым салынады. Маусымаралық кезеңде импорттық жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізуді ұйымдастыру мүмкіндігі пысықталып жатыр.

«Сонымен бірге нан бағасын тұрақтандыру мақсатында осы жылдың басынан бастап «әлеуметтік» нан өндіру үшін өңірлерге «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ өткізетін астық құнын субсидиялау енгізіледі. Бұл тетік астықты ішкі нарыққа өткізу кезінде Азық-түлік корпорациясының шығыстарын нарықтан төмен өтеуді көздейді», - деді Ербол Қарашөкеев.


Соңғы жаңалықтар