Қарашада мұнай бағасы көтеріле бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарашада мұнай бағасы көтеріле бастады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында 10 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндаған ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қайтадан карантин шараларын енгізу ықтималдығының өсуі салдарынан қазанның соңына қарай мұнай бір баррель үшін 37,5 АҚШ долларға дейін едәуір төмендеді. Бұл мұнайға сұраныстың әлсіреуін білдіреді. Бір айда төмендеу 8,5 пайыз болды. Осы айдың басынан бері шектеулерді ұзарту не қосымша қысқартулар мүмкіндігін қарастыру күтілетін ағымдағы жылғы 30 қараша мен 1 желтоқсандағы ОПЕК+ отырысының қарсаңында мұнай бағасы біртіндеп өсе бастады», - деді ҰБ төрағасы.

Оның атап өтуінше, кеше Pfizer және BioNTech компанияларынан вакцинаны сәтті сынақтан өткізгені туралы жаңалықтың аясында мұнай бағасы бір күнде 7,5 пайызға көтеріліп, бір баррель үшін 42,4 АҚШ долларына дейін өсті.

«Әлемдік экономиканың дағдарыстың жаңа кезеңіне кіруі және сыртқы нарықтардағы жоғары белгісіздік АҚШ доллары индексінің өсуіне алып келді. Бұл алтын және дамушы елдер валюталарының құнына әсер етті. Осы жылғы 9 қарашада АҚШ доллары индексінің төмендеуі және АҚШ-тағы президенттік сайлау жағдайының анықталуы аясында алтын бір унция үшін 0,8 пайызға 1863 АҚШ долларына дейін арзандады», - деді Ерболат Досаев.


Соңғы жаңалықтар