Қарашада ауа райы қандай болады
«Бірінші онкүндіктің ортасында және соңында қатты суық сезіледі. Термометрдің бағанасы елдің солтүстік жартысында түнде минус 5...15 градус, күндіз минус 0...8 градусты көрсетеді. Оңтүстік жартысында түнде 0...7 градус суық, күндіз 0...5 градус жылы болады. Айдың аяғында бұдан да қатты суық болады. Нәтижесінде айдағы орташа ауа температурасы климаттық нормаға жуық болуы ықтимал, тек Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында нормадан 1 градусқа төмен болады», - делінген синоптиктердің хабарламасында.
«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, айлық жауын-шашын мөлшері Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының солтүстік жартысында нормадан аз болса, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында, Қостанай облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы және тау бөктері аумақтарында мөлшерден көп болуы мүмкін.