Қараша айында еліміздегі инфляция 0,6 пайызды құрады

None
None
АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Өткен қараша айында еліміздегі инфляция деңгейі 0,6 пайызды құрады. Статистика агенттігінің хабарлауына қарағанда, аталмыш кезеңде баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,8 пайызға, азық-түлік емес тауарлары және ақылы қызметтерге - 0,4 пайыздан өскен.

Бұдан бөлек, өткен айда бағаның жоғарылауы ет және ет өнімдеріне 3,2 пайыз, жұмыртқаға - 2,9, ірімшікке - 1,9, жаңа сауылған сүтке - 1,1 пайызға, қышқыл сүт өнімдеріне және сары майға - 1 пайыздан тіркелген. Сонымен қоса, баға жаңа жиналған жемістер мен көкөністерге 0,8 пайыз, алкогольсіз сусындарға - 0,6 пайыз, балық және теңіз өнімдеріне - 0,5 пайызға өсті. Бағаның төмендеуі күрішке 0,8 пайыз, ұн және жармаларға - 2,4 пайыз, картопқа - 3,4 пайыз, қантқа - 7,3 пайызға белгіленді.

Бұдан бөлек, киім және аяқ киімдеріне, жеке күтімге арналған тауарларға баға 0,5 пайыздан, үй тұрмысына қажетті заттарына, фармацевтикалық өнімдерге - 0,4 пайыздан өскен. Баға өсімі қатты отынға 2,2 пайыз, сұйытылған газға - 0,4 пайызды құраған.

Сонымен қатар, тұрғын үй коммуналдық қызметтер саласында төлем ыстық суға 1,6 пайыз, қоқыс жинауға - 2,2 пайызға өсті. Денсаулық сақтау, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметтері 0,9 пайыздан, көлік және білім беру қызметтері - 0,4 пайыздан, мәдениет, мейрамханалар мен қонақ үйлер - 0,3 пайыздан қымбаттады.

Соңғы жаңалықтар