Қарасай мен Ағынтай батыр туралы фильм жарыққа шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «567 Cinema» кинокомпаниясы «Батырлар» атты тың туындының жарық көргенін хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы белгілі режиссер, сценарий жазушы Жайық Сыздықов Facebook-тегі парақшасында жазды. Фильмнің сюжетіне Қарасай мен Ағынтай батыр туралы аңыздар астар болған.

«Туынды қос батырдың аты тарихта не үшін қалғаны туралы баяндайды. Ол прокатқа 28 қарашада жол тартады», - делінген жазбада.

Фильмнің продюсері – Асқар Ұзабаев пен Ринат Сафаров. Сценарийін жазғандар:Асқар Ұзабаев, Жайық Сыздықов, Ғазиз Насыров, Мұхамед Мамырбеков және Шыңғыс Абланов.



Соңғы жаңалықтар