Қарасай ауданының прокуратурасы 150 балабақшаның заңсыз тексерілуін тоқтатты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Қарасай ауданының прокуратурасы 150 балабақшаның заңсыз тексерілуін тоқтатты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Қарасай аудандық прокуратурасы «Атамекен» ҰКП-ң аудандық алаңында жергілікті, бақылаушы және құқық қорғау органдарымен кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша жиын өткізді. Биылдың өзінде мобильді топтың сенім телефонына 14 хабарлама түсіп, оның 13-і бойынша прокурордың қадағалау шаралары қолданылған.

«Мәселен, ветеринарлық инспекторлар тарапынан ет сатумен айналысатын тұлғалардан сараптама жасау үшін етті тегін алу тәжірибесі тоқтатылды. 150 жекеменшік балабақшаға қатысты жоспарланып жатқан тексерудің күші жойылды, бір көзден сатып алынған 30-дан аса келісім-шарт тоқтатылды және осыған орай, тауарлар конкурс және бесекелестік арқылы сатып алынды»,- делінген Қарасай ауданы прокуратурасының хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, шаруа қожалықтары үшін мал жайылымдарының аздығы - маңызды проблеманың бірі. Аудан прокуратурасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 4 мың гектардан аса жайылым жерді резеврке қойған. Енді ол жерде мал жайылатын болады.

Айта кетейік, Қарасай ауданы прокуратурасы кәсіпкерлердің құқығын қорғау мобильді тобының нөмірі - 8-771-001-01-10 (24/7). Осы номерге заңсыздыққа тап болған кәсіпкерлер хабарласа алады.


Соңғы жаңалықтар