+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Қарасай ауданында мұғалімдерден ақша жинамақ болған білім бөлімінің меңгерушісі жұмыстан шығарылды

2021 жылғы 15 қыркүйек 13:36
Бөлісіңіз:
Қарасай ауданында мұғалімдерден ақша жинамақ болған білім бөлімінің меңгерушісі жұмыстан шығарылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында мектеп қажеттілігіне мұғалімдерден ақша жинамақ болған меңгеруші жұмыстан қуылды. Оқиға Қарасай ауданында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Антикор өкілі денсаулық сақтау жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін атады Қызылорда облысы экология департаментінің басшысы 11 жылға сотталды Шу аудандық ветеринарлық стансасының директоры мен бас бухгалтері сотталды

«Алтын ауылындағы орта мектеп мұғалімдерінің айтуынша, Қарасай ауданы бойынша тәрбие ісі жөніндегі оқу ісінің меңгерушісі аталған мектеп мұғалімдерінен 60-80 мың теңгеден бастап ақша талап еткен. Қаражат мұғалімдердің жалақысынан мектептің қажеттіліктері үшін жиналатынын жеткізген. Талқылаудан кейін жоғарыда аталған оқу меңгерушісі қызметінен босатылды, директор тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - делінген Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Департаменттің мәліметінше, пара алу деректері әлі де білім, ауылшаруашылығы және жер қатынастары саласында жиі кездесіп отыр.

«Жалпы, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейі бұрынғысынша тұрақты жоғары. Аталған факті Call-орталыққа келіп түскен өтініштердің санының көптігі бойынша дәлелденеді. Қазір арнайы 1424 Call-орталыққа түскен барлық өтініштің жартысынан көбі білім беру жүйесіне тиесілі», - деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT