«Қарапайым заттар экономикасын» қаржыландыру артады – Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына қатысты төтенше жағдайдағы бизнесті қолдау шараларын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бизнесті несиелеу деңгейінің төмендеуіне жол бермеуіміз керек. Ішкі нарықты толтырып, өндірісті ынталандыру үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру артады. Дүрлігу кезінде алыпсатарлық үстеме бағаға жол берілмейді. Менің тапсырмам бойынша Үкімет пен барлық деңгейдегі әкімдер бұл мәселені қатаң бақылауға алады», - деді Мемлекет басшысы эфирде көрсетілген үндеуінде.

Бұған дейін Президент отандық кәсіпкерлерді қолдауға және жаңа жұмыс орындарын құруға ең кемі 300 млрд теңге бөлінетінін хабарлаған еді. Сондай-ақ, Президент коронавирус пандемиясына қатысты төтенше жағдай бойынша Жарлық қабылдады.



Соңғы жаңалықтар