«Қарапайым заттар экономикасын» дамыту бойынша 15 млрд теңгенің өтінімі мақұлданды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов қарапайым заттар экономикасын» дамыту бағытында қолдау білдірген әкімдіктерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылдан бастап Елбасының тапсырмасына орай «қарапайым заттар экономикасын» дамыту бойынша қолжетімді несие беруді шешу үшін 600 млрд теңге бөлінуде. Экономикалық қызметтің 65 түрі бойынша 365 тауарлық позиция белгіленгенін білесіздер. Бұл несиелер «Бизнестің жол картасы - 2020» арқылы субсидияланады», - деді Ермек Алпысов Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында.

Өз сөзінде вице-министр 1 мамырдағы жағдай бойынша банктер 14,9 млрд теңгенің 28 өтінімін мақұлдағанын атап өтті.

«139,2 млрд теңгенің 104 жобасы екінші деңгейлі банктердің қарауында жатса, 613,4 млрд теңгенің 729 жобасы құжаттарды дайындау деңгейінде. «Даму» қоры 8 млрд теңгенің 24 жобасын субсиядиялауды мақұлдады. Сонымен қатар, «қарапайым заттар экономикасы» бойынша бизнесті қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру үшін айналым қаражатын несиелеу үлесін ұлғайту шаралары қабылданды. «Қарапайым заттар экономикасын» «БЖК-2020» арқылы кепілдендіру құралы енгізілді. Сондай-ақ «БЖК-2020» бойынша қаржыландыруды ұлғайту ұсынылып отыр», - дейді ол.
null

Ермек Алпысовтың сөзіне қарағанда, жыл сайын «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша субсидиялауға және кепілдендіруге қатысты өтінімдер саны артып келеді.

«Елбасының тапсырмасымен бағдарламаға жыл сайын қосымша 30 млрд теңге қаражат бөлінетін болады. Алайда әкімдіктер өңірлердің экономикасын дамытуға мүдделі болуы тиіс. Сондықтан жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қолдау шараларын бірлесіп қаржыландыруы қажет. Мысалы, Алматы қаласының әкімдігі субсидиялауға 1,9 млрд теңге бөлді. Ал Шымкент қаласының әкімдігі кепілдендіруге 250 млн теңге, ал Атырау облысы әкімдігі субсидиялауға 600 млн теңге бөлді. Қалғандары осы әкімдіктерден үлгі алуы тиіс. Бұл қосымша резервтер», - дейді вице-министр.
null

Еске сала кетсек, өткен айда «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы қаралған Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин шағын және орта бизнес «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына белсенді қатысуы қажеттігін атап өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар