+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

«Қарапайым заттар экономикасы»: Жамбыл облысында 11 мыңнан аса жоба жоспарлануда

2019 жылғы 25 шілде 06:42
Бөлісіңіз:
«Қарапайым заттар экономикасы»: Жамбыл облысында 11 мыңнан аса жоба жоспарлануда

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына сәйкес 11 мыңнан астам жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жоспарланған жобалар негізінен ауыл шаруашылығын дамыту, өнім өңдеу, жиһаз жасау мен құрылыс саласын қамтып отыр. Көпшілігі ауылдық жерлерде іске асырылмақ.

Инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығының жетекшісі Дамир Егізбаевтың айтуынша, жеке кәсіпті дамытуға оңтайлы жағдай тудыру үшін мамандар өңірдегі барлық елді мекендерді аралап, қай бағытта жұмыс атқару керектігін алдын ала жан-жақты зерттеп шыққан. Көп жағдайда несие алуға кепілге қоятын мүліктің жоқтығы қолбайлау болады. Сондықтан ауыл халқы банктердің үдесінен шыға алмай жатады. Дегенмен де, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына өңірдің 135 бизнес өкілі қатысқалы отыр. Банктер макарон өндірісі, сүт өңдеу және балабақша ашу сынды алғашқы 9 жобаны іріктеп алған.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Қарапайым заттар экономикасының» әлеуетін барынша қолдану керектігін атап өткен болатын. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан 600 миллиард теңге қарастырылған.

«Қарапайым заттар экономикасы» біздің есептеуімізше, облыстың экономикасын дамытуға үлкен серпін береді. Шамамен 17 мың жаңа жұмыс орны ашылып, 75-78 миллиард теңгенің қосымша өнімі шығарылады. Облыста жалпы ішкі өнім көрсеткіші 5% артады. Ең бастысы, бұл шағын және орта бизнесті өркендетуге бағытталған жоба. Ауыл азаматтарының кәсіп ашып, өз істерін дөңгелетіп әкетуіне оңтайлы жағдай туады», - дейді Дамир Егізбаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT