Қарапайым заттар экономикасы: ШҚО-да 276 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша биыл 276 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаевтың мәліметіне сүйенсек, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 2021 жылы өңірде жалпы сомасы 49,3 млрд теңгеге 284 жоба мақұлданған. Соның ішінде 276 жобаға қаржылай қолдау танытылды.

«Жеңіл өнеркәсіп саласында осы жылы ШҚО Білім басқармасымен бірлесіп, СТ-KZ сертификаты және мектеп формасы мен аяқ киім тігу бойынша индустриялық сертификаты бар 13 жергілікті тауар өндірушіге көмек көрсетілген. Облыстық бюджеттен мемлекеттік тапсырысқа 1,3 млрд теңге бөлінді. Осы қаражатқа әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға арналған 44 мың жиынтық тігілді», - деді Қайрат Мамырбаев.

Оның айтуынша, палата бизнес өкілдерінің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бойынша тұрақты жұмыс атқаруда. Жыл басынан бері жалпы 377 өтініш келіп түсіп, оның 336-сы оң шешімін тапқан.


Соңғы жаңалықтар