«Қарапайым заттар экономикасы»: Қазақстан қандай тауарлар шығарады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан алдағы уақытта қарапайым заттардың импорттық үлесін 14 пайызға қысқартады. Бұл туралы бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының «қарапайым заттар экономикасын» дамыту тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында отандық кәсіпорындарға 600 млрд теңге көлеміндегі қолжетімді кредиттің айрықша шарттары мен тетіктері айқындалған. Оның 400 млрд теңгесі өңдеу өнеркәсібіне жұмсалатын болады», - деді министр.

Оның айтуынша, аталған шаралар халық күнделікті тұтынатын 250-ге жуық тауарды өндіруге және көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Аталған тауарлардың қатарында, костюм, көйлек, төсек жабындысы, шұлық, аяқ киім, кілем, үстел, орындық сынды тауарлар бар.

«Жаңа қаржыландыру таяу жылдары аталған тауарлардың импорттық үлесін 14 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының «қарапайым заттар экономикасын» дамыту, өңделген өнімдерді экспортқа шығару, ішкі нарықты отандық тауарлармен толтыру тапсырмалары 2018 жылдың желтоқсанында Үкімет қабылдаған Индустрияландырудың үшінші бағдарламасының тұжырымдамасында ескерілген», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар