+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

«Қарапайым заттар экономикасы»: Батыс Қазақстанда 215 жоба мақұлданды

2020 жылғы 22 қазан 14:16
Бөлісіңіз:
«Қарапайым заттар экономикасы»: Батыс Қазақстанда 215 жоба мақұлданды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облысында 16 565,1 млн теңгені құрайтын 215 жоба мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстаулық зергердің бұйымдары Ресей мен Украинада сұранысқа ие Маңғыстаулық кәсіпкер ешкі сүтінен табиғи өнімдер дайындайды 27 жастағы Жаңаөзен тұрғыны тапсырыспен торт пісіріп, табыс тауып жүр

БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Құланбаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, облыста кәсіпкерлерді мемлекет тарапынан қолдау мақсатында тиісті шаралар атқарылып келеді.

Биылғы 1 қазандағы мәлімет бойынша өңірде жұмыс істеп тұрған 42760 шағын және орта кәсіпкерлік нысаны тіркелген, бұл өткен жылғыдан (42536) 0,5 пайызға жоғары.

Жылдың басым бөлігінде күшейтілген карантиндік шараларға қарамастан, кәсіпкерлік саны 43,1 мың деңгейінде сақталады деп болжануда.

Мақсат Мейрамғалиұлының сөзіне қарағанда, «Қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамыту жөнінде жобалық кеңсе құрылып, оның құрамына жергілікті атқарушы органдар, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, екінші деңгейлі банктер және кәсіпкерлік қауымдастық өкілдері енді.

Өңірде жүзеге асырыла бастаған 215 жобамен қатар «Еңбек» бағдарламасы аясында қалалық жерлерді несиелеу үшін республикалық бюджеттен 500 млн теңге, кепілдеме беруге 36 млн теңге бөлінді.

Күні бүгін 105,5 млн теңгенің 15 шағын несиесі берілді.

Кепілдеме бойынша 10,8 млн теңгеге 8 келісімшартқа қол қойылды.

Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл 1 765,3 млн теңге қарастырылды. Соның ішінде несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 1 532,4 млн теңге, несиені кепілдендіруге 146,9 млн теңге, гранттық қаржыландыруға 86 млн теңге берілді.

«Кәсіпкерлер бұл бағдарламаға үлкен ынта-ықылас танытып келеді. Мысалы, инновациялық грант алу үшін 233 өтінім түсті. Бүгіннен бастап жасы 29-ға дейінгі кәсіпкерлерден құжат қабылдаймыз», деді ҚазАқпарат тілшісіне М.Құланбаев.

Елімізде індетке байланысты төтенше жағдай жариялануына орай дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру үшін қосымша 1 891,3 млн теңге, соның ішінде несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 1562 млн, несиелерді кепілдендіруге 329,3 млн теңге қаралған болатын.

Қазіргі таңда бөлінген барлық қаржының 2 403,1 млн теңгесі игерілді.

«Карантиндік шектеу шаралары кезінде де азық-түлік өнімдерін өндірудің бәсеңдемейтінін уақыт көрсетіп отыр.

Барлық өнеркәсіп саласын өркендету бағытында жаңа жобаларды қолға алу үшін кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс жасай беруге дайынбыз», деді М.Құланбаев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО медицина мекемелерінде қорғаныс құралдарының 1,5 айлық қоры бар екендігін жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT