+7 (701) 759 90 19
USD 402.37 EUR 449.81
RUB 5.86 CNY 56.67
Jańalyqtar

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтылды

2020 жылғы 3 сәуір 10:49
Бөлісіңіз:
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры екінші деңгейлі банктерден қаржыландырылу үшін құжаттар топтамасын әзірлеу барысында бизнеске қолдау көрсетеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Жасұлан Мəдиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарапайым заттар экономикасы« бағдарламасы бойынша жобаларды қаржыландыру үшін кредиттеудің жалпы көлемі 400 млрд теңгеден 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл сомадан 700 млрд теңге агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңдеу мен өндіріске, 300 млрд теңге өңдеу өнеркәсібі мен қызметтерге жұмсалатын болады. Бұған қоса, Мемлекет басшысының тапсырмасымен 100 млрд теңге мөлшеріндегі қаражат көктемгі егістік жұмыстарын қаржыландыруға беріледі. АӨК-тегі қаңта өңдеу мен өндірісті кредиттеудің жаңа операторы ретінде екінші деңгейлі банктермен қатар Аграрлық кредиттік корпорация қызмет көрсетеді», - деді ол.

Оның айтуынша, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 5 млрд теңгеге дейінгі кредиттердің кепілдік көлемі 30 пайызды құрайды. Егер қаржыландыру қажеттілігі 3 млрд теңгеден аспаса онда кепілдендіру займ сомасының 50 пайызына дейін болады.

Бұл ретте екінші деңгелі банктерден қаржыландырылу үшін құжаттар топтамасын әзірлеу барысында бизнеске «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры қолдау көрсетеді. Даму филиалдары еліміздің барлық өңірлерінде, ірі қаларында жұмыс істейді.

«Даму тарапынан кредиттерді субсидиялау электронды үкімет (E-gov) пен Online Damu платформалар арқылы онлайн режимде көрсетіледі. Әрбір өңірдегі менеджерлердің телефон нөмірлері қордың ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында қолжетімді»,- деді Жасұлан Мәдиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT