Қарапайым заттар экономикасы: Атырау облысында 650 млн теңге игерілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Биыл Атырау облысында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына бөлінген 650 млн теңге игерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің негізі» атты Жолдауы талқыланған жиында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлім етті.

«Атырау облысында 2022 жылы газ-химия кешені құрылысының бірінші кезеңі іске қосылып, 500 жұмыс орны құрылады. Полипропилен өнімінің 90 пайызы экспортталады.

Ал, 2024 жылы полиэтилентерефталат және терефтал қышқылы өндірісінің құрылысы іске қосылып, ​230 жұмыс орны ашылады», - дейді Махамбет Досмұхамбетов.

Әкімнің мәліметіне сүйенсек, биыл Атырау облысына «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен 650 млн теңге бөлінген. Қазір бұл қаржы толық игерілген. Сондай-ақ, 27,1 млрд теңгені құрайтын 67 жоба іске асырылып жатыр.

«Екінші деңгейлі банктер мен Аграрлық несие корпорациясы 11,2 млрд теңгенің 49 жобасын мақұлдады. Соның нәтижесінде 1175 жоба қаржыландырылып, 3513 жұмыс орны сақталды. Бұған қосымша 1 237 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасымен 1 млрд теңге бөлінді.

Бұл қаржыны 238 бизнес-жобаны қаржыландыруға жарату көзделіп отыр», - деп мәлім етті өңір басшысы.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 33 млрд теңгенің жобалары іске асырылып

жатқанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар