«Қарапайым заттар экономикасы»: Алматыда 65 жоба қаржыландырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов онлайн брифинг барысында «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы және инфрақұрылымдық жобаларда жергілікті қамту үлесін арттыру шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы мақсатта Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында басым жобаларға жеңілдікпен несие беру бағдарламасының жұмысына мониторинг жүргізу бойынша жобалық кеңсе құрылды.

«2020 жылдың 5 қарашадағы жағдай бойынша 110,5 млрд теңге сомасына 65 жоба мақұлданды. Оның ішінде 89,9 млрд теңге сомасына 54 жоба қаржыландырылды. 14,3 млрд теңге сомасына 7 жоба қарау және құжаттарды жинау сатысында»,– дейді Айтуар Қошмамбетов.

Оның айтуынша, жұмыстарының тағы бір маңызды бағытының бірі - қазақстандық тауар өндірушілерге мемлекеттік сатып алуларға қатысу кезінде қолдау көрсету.

«Индустриялық сертификаттарды беру — Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құзырында. Индустриялық сертификат - бұл өндірістің бар екендігін растайтын, бірақ жергілікті қамтудың үлесін және тауардың нақты партиясындағы немесе бірлігіндегі шығу тегін айқындамайтын құжат. Биыл Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы 47 индустриялық сертификат, 355 «CT-KZ» нысанындағы сертификат және 4782 тауардың экспортқа шығарылғаны туралы сертификат берді»,– дейді спикер.


Соңғы жаңалықтар