Қарапайым адамдармен дұрыс диалог жүргізу қажет - Нұрсұлтан Назарбаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановпен кездесті, деп жазады Elbasy.kz.

Кездесу барысында Елбасы жаңа Премьер-Министр орынбасарының алдында денсаулық сақтау, білім беру және жұмыспен қамту салаларын дамытуға бағытталған бағдарламаларды іске асыруда маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті.

– Өткен жылдан бері әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында көптеген жұмыстар атқарылды. Қарапайым адамдармен дұрыс диалог жүргізу қажет. Тұрғындармен кездесу керек. Қабылданған шараларды түсіндіру маңызды. Сізде жеткілікті тәжірибе бар. Еліміздің екі аймағында, Қазақстан халқы Ассамблеясында қызмет еттіңіз. Сонымен қатар, Кәсіподақтар федерациясында жұмыс істедіңіз, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.


Соңғы жаңалықтар