Караоке нысандары Ashyq жобасына қалай қосылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Караоке нысандары Ashyq жобасына тестік режимде енгізіліп жатыр. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева Орталық коммуникациялар қызметінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы караокелердің Ashyq жобасына қатысуға мүмкіндігі бар. Қаулыда жүйеге қосылудың екі нұсқасы жазылған: тікелей өңірлік палата арқылы және қауымдастық арқылы. Менің білуімше, әуелі караоке нысаны туралы ақпарат базаға келіп түседі. Бірақ алғашқы 9 күнде олар тестік режимде жұмыс істейді. Тестік режим өткеннен кейін әкімдік сайтына көшіріледі. Әзірге сайтта тест жүргізушілері туралы ақпарат жоқ. Яғни, караоеке нысандары әлі де болса тестік режимді өткеріп үлгермеген. Іс жүзінде Ashyq жобасына қатысушылардың тізіміне караокелер қосылып қойған», - деді Юлия Якупбаева.

Оның айтуынша, қазір «Атамекен» ҰКП әкімдіктердің сайтына 9 күндік сынақтан өткендермен бірге тесті режимде жұмыс істеп жатқан нысандарды орналастыру мәселесін пысықтап жатқан көрінеді.

«осының арқасында адамдар қай нысанның ұзақ уақыт бойы ескртусіз жұмыс істеп тұрғанын, кімнің жүйеден уақытша шеттетілгенін көре алады. Осы көрсеткіштер бойынша әкімдік сайтындағы Ashyq жобасына қатысушы нысандардың тізімі 4 топқа жіктеледі. 4 топ толықтай түзілгеннен кейін оны «Атамекен» сайтына орналастырамыз. Сол арқылы әркім өзі үшін қауіпсіз нысанды таңдай алады», - деп толықтырды «Атамекен» өкілі.


Соңғы жаңалықтар