+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Карантинның күшейтілген режимі: Полиция қызметкерлерінің жұмысына түсіністікпен қарау керек

2020 жылғы 27 наурыз 16:35
Бөлісіңіз:
Карантинның күшейтілген режимі: Полиция қызметкерлерінің жұмысына түсіністікпен қарау керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев карантиннің күшейтілген режимінде полиция қызметкерлерінің жұмысына түсіністік танытуды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбенің әкімі індетпен күрес жұмысын түсіндіріп берді Алматыда жүкті әйелдерді ауруханаға қабылдау  алгоритмі түсіндірілді Біріккен Араб Әмірліктері COVID-19 жұқтырғандарды анықтау үшін иттерді пайдалана бастады

«Қоғамдық көлікке, такси, тамақ жеткізу қызметтеріне санитарлық талаптарды қатаң сақтау үшін циркуляр жасалады. Кеше айтылғандай, бүгін түнгі 12-ден бастап үйден шығуға шектеу қойылады. Үйден тек азық-түлік, дәрі алуға немесе жұмысқа бару үшін шығуға болады», - деді министр «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінде.

Сонымен бірге, 30 наурыздан бастап мекемелердің басым көпшілігі жұмысын тоқтатады.

«Көшеде полиция қызметкерлері тоқтатып, қайда бара жатқаныңызды сұраса, оған түсіністік танытып, жауап беру керек. Жұмысқа шақырғанды растау үшін сізде тікелей басшының немесе кадр бөлімі қызметкерінің телефон нөмірі болған жөн.

Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар, әдетте, тұрғын үйлерге жақын орналасады. Сондықтан, полиция қызметкерлері тұрғындардың қажетті затын сатып алып, үйге қайтқанын бақылауы мүмкін. Оған да түсіністік таныту қажет», - деді Дәурен Абаев.

Айта кетейік, коронавирус инфекциясымен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында – 48 адам, Қарағанды қаласында - 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы - 3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Ақмола облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, жалпы 125 науқас тіркелді.

Бұған дейін Дәурен Абаев карантин режимі күшейтілген кездегі көшеде жүру талаптарын түсіндірген еді.

Сондай-ақ, коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеу туралы бас санитарлық дәрігердің қаулысы шығады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT