Карантиннің сақталмауы, ДСМ-нің жүйелі қателігі мен әкімдердің сылбырлығы – Президент КВИ-дің өршуі жайлы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу үшін бірден батыл әрі қатаң шараларды қолға алдық. Бұл шаралар көптеген адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Алайда азаматтардың карантин шараларын жаппай сақтамауынан, Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығының жүйелі қателіктерінен және әкімдердің сылбырлығынан біз коронавирустың екінші толқынымен, пневмонияның шұғыл өсімімен бетпе-бет келдік», - деді деді Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеуінде.

Осы себепті Президент мемлекеттік комиссия екі апталық карантин шараларын енгізгенін айтып өтті.

«Бұл – дұрыс шешім. Қазіргі уақытта жағдайдың ақырындап тұрақталуының алғашқы белгілері байқала бастады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар