Карантиннің қашан аяқталатыны белгісіз – Ерлан Қожағапанов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов карантиннің қашан аяқталатыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз әзірге карантиннің қашан аяқталатынын айта алмаймыз. Ол штабтың шешіміне байланысты. Өздеріңіз байқап отырсыздар, елімізде инфекция жұқтыру көрсеткіші өсіп барады. Мемлекет басшысы өте маңызды шешім қабылдады. Қазақстанда 3,5 млн адам табысынан айрылып қалды. Оларды азық түлікпен қамтуға, тұрақтылықты сақтауға қаражат бөлініп жатыр. Көптеген кәсіпорындар мен жұмыс орындары салықтан босатылды», - деді Е.Қожағапанов.

Қала әкімінің бірінші орынбасары қалалық штабтың қалай жұмыс істеп жатқанын айтты.

«Күнде қалалық департамент пен басқарма, арнайы қызмет өкілдерінен құралған штаб бас қосады. Барлығы 46 адам жұмылдырылған. Қала әкімі, штаб басшысы Бақытжан Сағынтаев бірінші кезекте қаланың әлеуметтік осал топтарын қамту жайлы баяндамасын тыңдайды. Штаб халықаралық тәжірибе мен ішкі ахуалға байланысты шешім қабылдайды. Қала әкімі күнде блокбекеттер мен карантин ошақтарын, емдеу орындарын аралайды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар