Карантиннен кейін бизнес жұмысына қолдау көрсету керек – министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан ДәленовЭкономикалық белсенділікті қалпына келтіру бойынша жергілікті атқарушы органдарға бірқатар ұсыным берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Экономикалық белсенділікті қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шараларды ескере отырып, орталық және жергілікті атқарушы органдар мынадай аспектілерге назар аударуы қажет. Біріншіден, карантиннен кейінгі кезеңде бизнестің жұмысын

жан-жақты қолдау керек. Екінші – мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлерді қолдау құралдарын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету», - деді министр Үкімет отырысында.

Үшінші – қазақстандық өнімнің үлесін ұлғайтуды, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін қаражатты толық және тиімді игеру қажет.

Төртінші – инвестицияларды белсенді тарту және инвесторлармен нақты жұмыс жасау керек.

«Бесінші – өңделген тауарларды өндіру және экспорттау үшін жағдай жасау қажет. Алтыншы – баға мониторингін күшейту және Тұрақтандыру қорларының тетіктерін пайдалану арқылы маусымдық ауытқуларға жол бермеу керек және жетінші – өңірлік еңбек нарықтарындағы ахуалға тұрақты мониторинг жүргізу және жұмыспен барынша қамту керек», - деді Р. Дәленов.


Соңғы жаңалықтар