+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Карантинге жатудан жалтарған СҚО тұрғыны жауапқа тартылды

2020 жылғы 31 наурыз 06:33
Бөлісіңіз:
Карантинге жатудан жалтарған СҚО тұрғыны жауапқа тартылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында үй карантиніне алынған ер адам талапты бұзғаны үшін жауапқа тартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 наурыз күні Тайынша ауданының 36 жастағы тұрғыны Польшадан келген. Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайда ол 14 күн үй карантинінде отыруға қолхат берген. Алайда елді мекенге келісімен-ақ кәсіпкер бірден өзінің сауда орнына барған.

Бұл жайында білген Киров ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы онымен профилактикалық әңгіме жүргізіп, төтенше жағдай режимін бұзғандарға қолданылатын жауапкершілік жайында түсіндірген. Ауыл тұрғыны карантинді сақтауға уәде беріп, Тайынша қаласындағы көпбейінді аудандық ауруханаға барған. Бірақ ол жерде дәрігерлерден өзінің ауырмайтындығы жөнінде анықтама беруді талап еткен. Медицина қызметкерлері кәсіпкерді Чкалов елді мекеніндегі карантиндік ауруханаға орналастырып, онда 28 наурызға дейін болған.

Карантиннен шығарылғаннан кейін оның үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 476-бабы 2-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Енді ол белгілі бір мекенді, үйді, пәтерді белгілі бір уақытқа дейін тастап шыға алмайды. Заңды бұзған жағдайда 10 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады.

Қазір осы оқиғаға байланысты жиналған материал сотқа беру үшін дайындалып жатыр.

«Төтенше жағдай режимін елемеудің арты адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретінін естен шығармау керек. СҚО-да жеке тұлғаның төтенше жағдай тәртібін бұзудың алғашқы дерегі тіркелді. Жалпы, осы күнге дейін өңір полицейлері 39 хаттама толтырды. Олардың барлығы сауда орталықтары мен көңіл көтеру орындарына қатысты», - дейді Тайынша аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Арғын Аманбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT