Карантинге жатқызылған заңсыз өнім тасымалдауға қатысты 50 оқиға анықталды - АШМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізге өсімдіктектес өнімдерді тасымалдаған 50 заңсыз әрекеттің жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«1-11 қаңтар аралығында Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан облыстық аумақтық инспекцияларының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Ресей Федерациясынан және Өзбекстан Республикасынан карантиндік фитосанитариялық қаупі жоғары карантинге жатқызылған өнімдерді 50 заңсыз жағдайда әкелген әрекетті анықтады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу кезінде Ресей Федерациясынан 2 500 дана көкөніс дақылдарының тұқымдары (қорапта), 20 тонна лимон мен мандарин және Өзбекстаннан 82 тонна құрма, 20 тонна пістенің фитосанитариялық сертификатсыз тасымалданғаны белгілі болды.

«Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес аталған өнімдер Қазақстанға тасымалдауға тыйым салынған. Жүктер Ресей Федерациясына және Өзбекстанға кері қайтарылып, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар