Карантинге жатқызылған қазақстандық теннисші тест нәтижесін жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Карантинге жатқызылған қазақстандық теннисші Ярослава Шведова коронавирус жұқтырмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спортшы Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханалардың бірінде карантинде жатыр.

Я.Шведова коронавирус анықталған әйелмен бірге ұшақпен ұшып келген болатын.

«Коронавирусқа алынған тест теріс нәтиже көрсетті. Бірақ ауру жұқтырған адамға жақын отырғандықтан, екі апта бойы карантинде болуым керек», - деп жазды теннисші Instagram-дағы парақшасында.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын коронавирусқа байланысты Аргентина-Қазақстан матчының кейінге шегерілгенін жазған болатынбыз.

Егіз сәбилі болуына байланысты спорттық жолында үзіліс болған Я.Шведова кортқа биыл оралған болатын. Ол ойыншы болумен қатар, Қазақстан әйелдер құрамасында капитандық тізгінді де қолға алған еді.

Бүгін жаңартылған WTA рейтингісінде айтарлықтай өзгеріс жоқ.

Алғашқы үштікте бұрынғыша аустралиялық Эшли Барти, румыниялық Симона Халеп және чехиялық Каролина Плишкова келеді.

Қазақстандықтар Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева сәйкесінше 17-інші және 33-орын сақтап қалса, Зарина Дияс 63-тен 64-ке сырғыды.

Жұптық сында Галина Воскобоева 62-орнында қалса, Анна Данилина 120-дан 123-ке төмендеді.


Фото: olympic.kz
Соңғы жаңалықтар