Карантинге жабылған «Асыл арман» кешенінде 78 әскери волонтер жұмысқа кірісті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінде енгізілген карантинге байланысты еріктілер қатарындағы 78 адамнан тұратын күзетшілердің бірінші ротасы құрылып, кешен аумағында жұмысына кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әскерилер нысанға арнайы автобуспен жеткізілуде. Бес бөлім посттарға бөлінген. Ауысым тәулігіне 2 рет – таңғы сағат 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін.

Орталық постта полиция мен әскери еріктілер жүк тасымалдаушы көлік жүргізушілерінің құжатын тексеріп, тұрғын үй кешенінің маңынан өтпекші болған азаматтарды тоқтатады.

Атап өтсек, Қарасай аудандық бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, «Асыл Арман» тұрғын үй кешеніндегі карантин биылғы жылдың 1 сәуірінен 14-іне дейін созылады.

Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, осы уақыт аралығында тұрғын үй кешенінің барлық аумағында медициналық қызметкерлермен және тәртіп сақшыларымен бірге әскери-еріктілер де қызмет ететін болады.

Қабылданған шаралар коронавирустың одан әрі таралуына жол бермеуге бағытталған.


Соңғы жаңалықтар