+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Карантинге байланысты жұмысы тоқтаған жеке кәсіпкер 42 500 теңге ала ма

2020 жылғы 14 шілде 16:00
Бөлісіңіз:
Карантинге байланысты жұмысы тоқтаған жеке кәсіпкер 42 500 теңге ала ма

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Төтенше жағдай кезінде жұмыс істеп жүріп, 42 500 теңге әлеуметтік төлем алған 40 мыңға жуық жеке кәсіпкер анықталды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
2 млн-нан астам қазақстандық 42 500 теңге төлемін алды Қарағанды облысында 102 мыңнан астам адам 42 500 теңге әлеуметтік төлем алды Екі млн қазақстандыққа 42 500 теңге төлем тағайындалды

«Жеке кәсіпкерлер де өткен жолғыдай өтініш беруі керек. Олардан да біз міндетті зейнетақы, әлеуметтік жарна төленгенін талап етпейміз. Өйткені, өткен жолы оны түсіндік. Көп кәсіпкерлер жылына бір мәрте төлейді. Біреулерінің жұмысы тоқтап тұр. Сондықтан ондай талап қоймаймыз. Дегенмен, бір ғана тексеріс болады. Аудан, қаладағы штабтар, «Атамекен» өкілдері сол кәсіпкердің жұмысы шектеуге қатысты тоқтағанын не тоқтамағанын біздің жүйемізге кіріп, белгілейді»,- деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, бұған қоса салық органдары да жеке кәсіпкердің жұмыс істеп жатқандығын немесе шектеуге байланысты тоқтап тұрғанын растайтын болады.

«Өткен жолы 42 500 теңге төлегенде 40 мыңға жуық жеке кәсіпкер әлеуметтік төлем алған. Бірақ, салық органдарының мәліметі бойынша жұмысы тоқтамағаны анықталған еді. Сондықтан оларға екінші айға төлем берілмеген болатын», -деді Біржан Нұрымбетов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT