+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Карантинге байланысты тоқтап тұрған кей пойыздар тамызға дейін жолға шықпайды

2020 жылғы 16 шілде 15:48
Бөлісіңіз:
Карантинге байланысты тоқтап тұрған кей пойыздар тамызға дейін жолға шықпайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Карантин кезінде тоқтап тұрған кейбір жолаушы пойыздары тағы екі апта жүрмейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

ҚР мемлекеттік комиссиясының 2 шілдедегі шешіміне, бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 3 шілдедегі қаулысына сәйкес, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында мына жолаушы пойыздары қатынасының уақытша тоқтатылуы тағы 2 аптаға ұзарады:

1. № 31/32 «Алматы-2 – Павлодар» пойызы.

2. № 258/257 «Нұр-Сұлтан-1 – Достық» пойызы

3. № 3/4 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол - Алматы-2» пойызы

4. № 68/67 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол - Өскемен-1» пойызы.

Аталған пойыздарға билет алған жолаушылар жол жүру құжаттарын қайтарып, ақшалай қаражатты толық көлемде ала алады.

Жолаушы пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты «105» нөмірі бойынша білуге болады.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан қабылданған шараларға түсіністікпен қарауды және коронавирус пандемиясы кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды сұрайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT