Карантинге байланысты тағы бір Қазақстан чемпионаты тоқтатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ұлттық конькишілер федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі хабарлама жариялады, деп жазады ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантин шаралары туралы 20.11.2020 жылғы №ПГСВ-248 қаулысына сәйкес (3.49-тармақ – Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен республикалық жарыстарды (бірыңғай республикалық күнтізбе бойынша) өткізуге тыйым салынады).

Жоғарыда айтылғандардың негізінде 2020 жылғы 14-17 желтоқсанда конькимен жүгіру спортынан Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілмейді», – делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар